lat: Aleıa
зат. Екі жағына ағаш отырғызылып, адамдардың қыдырыстауы үшін жасалған жол.
Осы аллеялардағы көлеңкелi күркелерде сатылып тұратын түрлері: сусындар, газет, журналдар (І.Жансүгіров, Әңгiм.).
Аллеяның екі қабағы сирек орналасқан ұзыншақ ағаш пәйкелер (М.Мағауин, Шығ.).
Ана Ташкент аллеясының бойына барып қарақыз, Жұмысшы поселкесі деген тағы бiр поселке туды (М.Әуезов, Өскен еркен).
Бұралаң жолдар мен кең аллеялар үстіне төне, қалың жапырақты қарағаштар желмен ойнап сыбдыр қағады (І.Есенберлин, Шығ.).