АЛЛЕГРО

lat: Alegro

[итал. allegro] зат. муз.1. Музыкалық пьесаны немесе оның бөлiмiн ойнаудағы жылдамдық қарқыны.

Аллегро алғашқыда «сергек», «жылдам» түсінігінде қолданылған. Музықалық Шығарманың басында жазылып, негізгі көңіл күйді білдіреді. (ҚҰЭ).

2. Тұтас музыкалық шығарманың немесе бөлiмнің атауы.

Сондықтан сонатаның екінші бөлімі, жылдам ойналатын аллегро тіпті шықпады: жиырмасыншы тақтада қыздан екі такт кейін қалған Паншин өзі де шыдамай күліп жіберіп, орындығын кейін сырғытты (М.Әуезов, Шығ.).

Аллегро қалпында жазылған Шығарманың немесе сонаталық циклдің жеке белімінің (көбінесе 1-бөлімінің) атауы (ҚҰЭ).