Алма

lat: Alma

Раушан гүлдер тұқымдасына жататын жеміс ағашы.

Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары будандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) Қазақстандық селекционерлер өсiрiп шығарған (ҚҰЭ). Сайларына итмұрын, долана, жабайы алма сыңси өскен (М.Мағауин, Бiр ата.).

2. Осы жеміс ағашының домалақ пiшiндi, тығыз, mәmmi, шырынды жеміс.

Алмасынан айырылған күзгі бақ ауыл көшіп, иен қалған қоныс терiздi (М.Мағауин, Бiр ата.).

Базардан әкеле жатқан алма, өрігің болса, берсеңшi мыналарға! (Б.Нұржекеев, Таңд.).

Ол үюлi алманың жанындағы сықырлауық кереуетте отыр екен (Д.Исабеков, Екі жиырма).

3. поэт. Әйелдің төсі, емшегi.

Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік, Екі алма кеудесінде қисаймайды, Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай, Калың елім.).

Еті уыздай аппақ, білектері, сандары оқтаудай жұп-жұмыр, мойны құйған шамдай, ақ етіне қара шашы салбырап, қос алмасы үрген торсықтай салбырап тұрғанда, жұтып қойғың келеді екен (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Меруерттей отыз тісін ысып-шайып,

Бойыңды ұстасаң да шымырлатып.

Екі алма кеудесіне жарасады,

Xанымның бірі ... сықылданып (Ә.Найманбаев, Шығ.).