lat: Almastyrǵysh
сын. 1. Белгілі бір ортақ қасиеmmiң нәтижесінде басқа бір затты ауыстырғыш.
Ион алмастырғыш смола лабораториясының қызметкерлерi Түркменстанға өздерінің «тұңғышын» - «Бархан» деп аталатын суды тұщыландыратын қондырғы жөнелтті («Лен. жас»).
Жер астындағы түрлі тұздары көп, әрi iшуге жарамсыз су ион алмастырғыш арнаулы фильтрге құйылады («Лен. жас»).
Реакторда бөлiнген жылуды жылу алмастырғыш арқылы алып кетiп, турбогенераторды қозғайтын су буын алуға болады (Қ.Бақытбаев, Атом.).
2. Қолындағы дүниені, затты жиі ауыстырушы.
Көршiмiз пысықай, қолындағы дүниесiн тез-ақ алмастырғыш, биыл машинасын тағы да жаңалапты (Ауызею).