Алмұрт

lat: Almurt

Бұл сөз ал және мұрт деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Ал сөзі араб-иран және кейбір түркі тілдерінде ашық қызыл деген мағынада жұмсалады (қара: алқызыл). Парсыша алмұртты моруд дейді. Бұл сөздің алдына ал қосылып алмұрт деген сөз жасалған, мағынасы «қызғылт морут». Кейбір түркі тілдерінде (азербайжан, татар) бұл сөз армуд күйінде айтылады. (Ш. С.)