lat: Aloe
зат. <лат. а1ое> 1. өс. Лалагүл тұқымдасына жататын көпжылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдік.
Кейбір өсімдіктердің жапырақтары түрін өзгертіп, етжеңді болып кетеді. Бұған мысал үшін түбіртекті, бозкілемді, алоэны, агаваны және т. б. алуға болады (Т.Мұсақұлов, Ботаника).
Ағаш тәрізді алоэның жапырақтары кішкене, олардың шырынын преспен сығып алады (С.Сұбханбердин, Өсімдік-дәрі.).
Алоэлардың етжеңді жапырағы және сілемейленген ащы шырыны, сыртқы жиектерінде тікендері болады («Халық мұғ.»).
2. мед. Осы өсімдіктің шырынынан алынатын дәрі.
Тері астына а л о э, В12 витаминін және жалпы организмді әлдендіретін дәрілер егу пайдалы (М.Исамбаев.., Мед. анықтама).
Осы айтылған төсілмен алынған алоэның эмульсиясы үпілмөлік майымен араластырылып, терінің жарылған жерін емдеуге қолданылады (С.Сұбханбердин, Өсімдік- дәрі.).
Бальзамдау үшін тұз, а л о э, ашудас, терпентин, иісті шайырлар қоспасы, ал 18 ғасырда шарап спирті қолданылады (ҚҰЭ).