ноғай ордасының биі ысмайылдың есіміне қосарланып айтылатын анықтауыш мәнді сөз. Аталған тарихи тұлғаның «Алшы ысмайыл» атануын зерттеушілер «алшы» сөзімен байланыстырып, оның жолы болғыштығын мегзейтін, яғни «асығы алшысынан түскен» деген мағынаны білдіретін эпитет деп жорамалдаған. «Қарасай - Қази» жырының кейбір нұсқаларында «Алшы» сөзі жеке кісінің атауы, яғни Мұсаның отыз ұлының бірінің есімі ретінде қолданылған.