Алымдылық, қарпымдылық, қарымдылық, шалымдылық

lat: Alymdylyq, qarpymdylyq, qarymdylyq, shalymdylyq

Алымды болушылық, қарпымы молдық, құлашы кеңдік.

Ол қазip де жұмысқа құлшына араласып, күш-қайратын, алымдылығын көpcетіп жүр («Қаз. әдеб.»).

Келісімен жұмысқа кipicіп, жан дүниесінің кеңдігін, қарпымдылығын таныта бастады («Егемен Қазақстан»).

Жалпы эпикалық көп салалық, қарымдылық Хамза талантына тән ерекшелік десе де болғандай («Соц. Қаз.»).

Қыр жігіт шалымдылық танытып, әнi-мінi дегенше жұмысты еңсеріп тастады («Қаз. әдеб.»).