Амальгама

lat: Amálgama

[франц. amalgame] зат. хим.Сынаппен қосылған қымбат металл қоспасы.

Сынап көпшілік металдарды өз ішінде ерте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді (Б.Бірімжанов, Жалпы химия).

Амальгама сұйық, жартылай сұйық немесе қатты күйде болады. Амальгамадағы сынап қалдығы арнаулы сүзіп арқылы қысыммен шығарылып тасталады (ҚҰЭ).

Амальгама металл бұйымдарға алтын жалатуда, айна жасауда, тіс емдеуде, кенді таужыныстардан кейбір асыл және түсті металдарды ажыратып алу кезінде қолданылады (Қаз. тілі термин. Кен.).