Амальгамалау

lat: Amálgamalaý

зат. Металлургияда кеннен не концентраттан сынапты қолданып металдарды ажыратып алу әдісі; металдарды сынапта ертіп, құйма жасау.

Амальгамалау руда мен концентраттан асыл металдарды бөліп алу үшін, жеке металдар қалдықтарын қайта өңдеу үшін, сирек кездесетін элементтерді электролиттік жолмен алу үшін пайдаланылады (ҚСЭ).