Амин қышқылдары

lat: Amın qyshqyldary

хим. Құрамында бір немесе бiрнeшe карбоксил және амин тобы бар органикалық қосылыстар.

Атбас бұршақтың дәнінде организмге керекті түрлі амин қышқылдары бар (И.Жұмагұлов, Қой шаруаш.).

Организмде амин қышқылдарының болар-болмас біреуі жетіспесе, белоктардың құрылу процесі бұзылады (З.Сейітов, Сүт өңдеу.).

Аминқышқылдары - суда еритін түссіз кристалды заттары олардың көпшілігінің тәтті дәмі болады (Орган. химия).