Амакринді нейрондар

lat: Amakrındi neırondar

Омыртқалылардың көзінің тор қабатындағы интернейрондар. Амакриндік клеткалардың саны өссе көздері қырағы келеді, мысалы құстарда көп болады. Амакринді клетканың денесі ішкі түйіршікті қабатта орналасады, өсіндісі көздің тор қабатынан сыртқа шықпай биполярлы ганглиозды нейрондардың синаптикалық байланысу аймағында тармақталады.