lat: Aman
зат. діни. Қауіпсіздікке кепілдік; мұсылмандардың қолына түскен мұсылман емес тұтқындардың қауiпсiздiгін сақтау үшін беретін кепілдік.
Аман мұсылман елінде қолға түскен мұсылман емес тұтқындардың (яғни қарсыластың әскерлері саудагерлер, қажылар топтары т.б.) амандығын сақтайтын қолхат ретінде қолданылды (Ислам энцик.).
Аманның бұл формасы Европа елдерімен Осман империясында келісімшарт жасаудың негізі болды (Ислам энцик.).
Аманды кез келген мұсылман бір мезгілде бір немесе бірнеше адамға бере алады. Аман құжатын мұсылман емес адамдар мұсылман елдерінде жүруге пайдаланған (ҚҰЭ).