науқас адам келіп-кетіп емделетін және үйіне барып дәрігерлік көмек көрсететін мекеме. Амбулаторияның емханадан айырмашылығы: мұнда жұмыс көлемі, сондай-ақ дәрігер құрамы аз және көбіне ішкі ағза, тіс аурулары емделеді. Амбулаториянын негізгі мақсаттарына өздері келіп, дәрігерлік жәрдем сұраған адамдарға және үйдегі науқастарға нақтылы көмек көрсету, қажет жағдайда дәрігерлік кеңес ұйымдастыру, диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, өндірістік мскемелерде медициналық-профилактикалық сауықтыру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттардың себептерін анықтау т.б. жатады.