Амеба

lat: Ameba

зат. зоол. Қарапайымдар (бір жасушалылар) типте жататын тамыраяқтылар тобының өкілі.

Амебаның көпшілігі тұщы суларда, топырақта, теңіздерде және аздаған түрлері паразиттік тіршілік етеді (ҚҰЭ).

Амеба - бір клеткалы жәндік. Амеба дегеніміз ішінде сопақша түйірі бар, белгілі бір пішіні жоқ, сілемей түйіртек (Зоология).

Қанның лейкоциттері амеба тәрізді қозғалып, қан тамырларының қабырғасы арқылы шығып, тканьдар арасынан кезіп жүреді (Гистология).