Амфитеатр

lat: Amfıteatr

[грек. amphitheatгon]зат. өнер. 1. көне. Түрлі ойындар, гладиаторлар сайыстарын тамашалау үшін арнап салынған көне Римдегі құрылыстар.

Амфитеатрлардың ортасында дөңгелек майдан алаңы бар, көрермендердің орындары тұйық шеңберленіп келедi де, сатылай көтеріле бередi (ҚҰЭ).

Геронның «Стереометрия» атты еңбегінде геометриялық денелердің көлемдерiн анықтаумен бірге театр, амфитеатр, бассейн, құдық, кеме, бөшкенің көлемдерін табу тәсiлдерi баяндалған (О.Жәутіков, Математика.).

2. Театрлардағы көрермендер залындағы партерден кейінгі биіктеу орындар және орындықтар тұрған театр залының бөлігі.

Амфитеатр деген сөз Францияға дейін жетті.. (Т.Әлішеров, Өнерпаз.).

Операның биылғы маусымда ашылуының алғашқы күндерi болғанмен, зал олқы, амфитеатрдың кейінгі қатарлары бос, балкондағылар да кемпір тiсiндей сирек (Ә.Сараев, Бозқырау).