Амнистия

lat: Amnıstıaá

[грек. amnestia] зат. з а ң. Мемлекет басшысының немесе өкіметтің жоғары өкіметті органының шешімімен қылмыскерге кешірім жасау, қылмыскерді жазадан босату, жауапкершіліктен құтқару.


Амнистия актісі аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға, кісі өлтіргендер мен жазаны өтеу кезеңінде тәртіп бұзған адамдарға қолданылмайды (ҚҰЭ).

Ал Арманды қастықпен өлтiрген Сағитқа соттың шығарған үкімі үш қана жыл болды, оны және бiрнеше адамды амнистияға жатқызады (М.Әуезов, Өскен өркен).