Амнезия

lat: Amnezıa

[грек. amnesia]зат. мед. Еске түсіру және есте сақтау қабілетінің жоғалуы нәтижестде адам жадының нашарлауы я болмаса жойылып кетуі, естен айырылу, ұмытшақтық.

Амнезия үдемелі амнезия, бекімелі амнезия, ретроградтық амнезия және антероградтық амнезия болып бөлiнедi (ҚҰЭ).

Ретроградтық амнезия - сырқатшылық жағдайға әкеліп соқтыратын (мыс, жарақат, зақым) оқиғадан бұрын жад қызметінің бұзылуы; мұнда болған оқиға сырқатқа шалдығардың алдында бiрнеше сағаттар, күндер, ал кейде жыл бойы естен шығып ұмытылады (Қаз. тт термин. Педагогика.).