АМНЕЗИЯ

lat: Amnezıa

мидағы локалдық (бір бөлігінің) зақымдалуынан пайда болатын адамның есте сақтау қызметінің бұзылуы.

Амнезия мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты немесе мидың түрлі локалды зақымдалуьшан пайда болатын, бірнеше минуттан кейде бірнеше жылға созылатын естің бұзылуын айтады. Көбінесе мидың зақымдалуына немесе әртүрлі науқастыкқа, психиканың функцияларының бұзылуына байланысты болады. Амнезия ең ауыр түрлерін ең алғашында Корсаковский сипаттағандықтан, Корсаковский синдромы деп аталып кеткен.

Амнезия бірнеше түрлері бар:

антиретроградтық амнезия аурудың басталғанынан кейін немесе жарақат алғаннан кейін болған оқиғаларды есте сақтай алмау.

инфантилді амнезия өмірдің бастапқы кезеңдерінде алты жастан сегіз жасқа дейінгі аралыкта болатын амнезия түрі.

истериялық амнезия түбірі инфантилді амнезия басталған кейбір невротиктерде кездесетін амнезия айрықша түрі.

қорғаныс амнезия жағымсыз, жан жарақатын тудырған өткен тәжірибені ұмыту (санадан ығыстыру) түріндегі естің бұзылуы.

постгипноздық амнезия гипноздық сеанс жағдайында оқиғаларды еске түсіре алмауда көрінетін естің бұзылуы.

ретроградтық амнезия жарақат алдындағы (бірнеше сағат, бірнеше күн, ал кейде бірнеше жылдар бұрын болған) оқиғаларды ұмыту түрінде көрініс табатын естің бұзылуы.

Мыс., атақты жазушы Вальтер Скотт “Айвенго” атты романын науқастанып жүрген кезінде жазған. Роман басылып шығады. Ауруынан айықкан соң В.Скотт өз романының қай кезде жазылғаньш еске түсіре алмапты. Амнезия нақты психологиялық немесе клиникалық әдістердің көмегімен анықталады. Бірақ өшкен, ұмытылған байланыстар бір кезде жаңғырып, еске түсуі мүмкін.