lat: Amorf
[грек. amoгphos] сын. Кристал емес, пішінсіз.
Қатты денелердің барлығын кристалл денелерге жатқызуға болмайды. Көптеген аморф денелер де бар (Физика).
Төмен температурада аморф денелер қасиеттері жағынан қатты денелерге ұқсайды (Физика).
Барлық аморф денелер изотропты, олардың физикалық қасиеттері барлық бағытта бірдей (Физика).