АМОРТИЗАЦИЯ

lat: Amortızasıa

Өндіріс қаражатының құнын өндірілетін өнімге бірте-бірте ауыстыру үрдісі. Сақтандыруда амортизация көбіне сақтандыру объектісінің табиғи физикалық, моральдық тозуы және осының салдары ретіндегі құнының азаюы деп түсініледі. Амортизация дәрежесінің есебі сақтандыру объектісінің сақтандыру сомасын белгілеу кезінде және толық жойылу кезіндегі, сондай-ақ жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары кезіндегі шығындарды жоюда маңызды рөл атқарады.