1) жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі; 2) борышкерлік міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы т.б. себепті оны жарамсыз деп тану.