Ампер заңы

lat: Amper zańy

физ. Бір-бірінен белгілі  қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағын кесіндісі бойымен өтетін екі тоқтың өзара механикалық әсерлесу заңы.

Ампер заңынан параллель екі өткізгіш бойымен тоқ бір бағытта жүрсе, олардың бір-біріне тартылатындығы, ал қарама-қарсы бағытта жүрсе, бір-бірінен тебілетіндігі шығады (ҚҰЭ).

Ампер заңы тоқ жүріп тұрған өткізгішке әсер етуші күштерді есептeу үшін, көптеген техникалық құрылғыларда, оның ішінде электр двигательдерінде қолданылады (Физика).

Қозғалысқа түскен зарядталған бөлшекке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Лоренц күші деп атайды, ол зат құрылысының электрондық теориясының негізін қалаған Голландияның ұлы физигі Лоренцтің құрметіне осылай аталған. Ол күш Ампер заңының көмегімен табылады (Физика).