Амплитуда

lat: Amplıtýda

[лат. amplitudo]зат. физ. Тек салмақ басып тұрған толқымалы дененің ауытқуы, ауытқу мөлшeрi.


Нүктенің қозғалыс заңы X=a sin 2П/Т t теңдеумен анықталады, мұндағы а- амплитуда, t тепе-теңдік қалпынан өту мезгілінен бастап саналатын уақыт. Жаздағы тәуліктің ең жоғары амплитуда шөлдерде байқалады, онда ол 30 градусқа дейін жетеді (Қаз. физ. геогр.).

Маятниктің тепе-теңдігі қалпынан ауытқуы, айнымалы электр тоғының электр күші мен кернеуі мәндерінің ауытқуы амплитудаға жатады (ҚҰЭ).