Амр

lat: Amr

әмір 1) бұйрық, жарлық. 2) нұсқау, директива. 3) грам. бұйрық рай.

Қазаққа келген жанның бәрі төре,

«Ақ жүрек аңқылдаған» әмір бере.

Көзсіз құдық сияқты о да тапшы,

Жетілген екен деме оны көре (Әріп).

Құнанбай қысқа-қысқа әмірді ауылбас сайын кісі шаптырып айтқызып жатқан (М. Әуезов).