АННУИТЕТ

lat: Anýıtet

Дүркін-дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтандыру ісінде аннуитет рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын көрсетеді. Сондай-ақ несигерге одан алынған қарызды, соған қоса пайызды өтеу үшін төленетін белгілі бір мөлшердегі жыл сайынғы ақшалай сома да аннуитет болып табылады. Сонымен әлдебір соманы алуды да, керісінше, оны төлеуді де аннуитет дейміз.