Аннигиляция

lat: Anıgılásıa

зат. физ. Позитрон мен электрон кездескенде, екеуінің де жойылып кетуі.

Сонымен қатар Дирак позитрон электронмен кездескенде олардың екеуінің де жойылып (аннигиляция), олардың орнына жоғары энергиялы фотондардың пайда болатындығын да айтқанды (Физика). Ал аннигиляция кезінде туатын фотонның заряды да, тыныштық массасы да жоқ, өйткені ол тыныштық күйде бола алмайды (Физика).