Анимациялық

lat: Anımasıalyq

сын. Анимация тəсілі бойынша жасалған (фильм).

«Ер Төстік» ертегісінің желісі бойынша қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық «Ер Төстік жəне Айдаһар» атты анимациялық фильм көрерменге жол тартты (Ана тілі, 28.03.2013, 11). 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сақ» киностудиясы түсірген «Мұңлық-Зарлық» анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті (Алматы ақшамы, 2010, №67, 11).