Анау-мынау

lat: Anaý-mynaý

есiм. 1. Оны-мұны, ол-пұл.

Енді құтылдым ғой деп, қара үзе бергенде, қарсы алдымнан бір жарлауыт килігер ме? Анау-мынау жардан Ақауыз аттап кететін (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Анау-мынау адам емес, бұл туралы Құлбек айтып отыр ғой (Ш.Айтматов, Қош бол.).

Өте бір үскірік боп кетпесе, анау- мынау аязда тымақ кимейді ол (Өмірбаян.).

2. Майда-шөйде, жеңіл-желпі, ұсақ-түйек.

Ондай жағдайда, анау-мынау оқиға болса бар жауапкершілікті өз мойныңа ал (Ш.Айтматов, Боранды.).

Мына жұрттың том iсі бар, көрдік дегендеріне, анау-мынау дегендеріне сенбеймін («Жұлдыз»).

Сәбеңді анау-мынау қиянатқа қимасымды, ол кісі жақсы біледі («Жұлдыз»).

3. Кім көрінген, кез келген.

Ұлы дүбір жарыс болмаса, анау- мынаумен жарбаңдасып шаппайды (Ж.Аймауытов, Шығ.).