Ана сүті[-нің табы, емшектабы] аузынан кетпеген [кеппеген] • бесік табы арқасынан кетпеген • ернінен енесінің емшек сүті кетпеген

lat: Ana súti[-niń taby, emshektaby] aýzynan ketpegen [keppegen] • besik taby arqasynan ketpegen • erninen enesiniń emshek súti ketpegen

Өте жас, сәби. (Бұл тіркес, көбіне, біреуді жассынып, қомсынып айтқанда, ісін ерсі көргенде, кеміткенде қолданылады). Ана сүті аузынан кетпеген он жасар баланың сөзі сайдың тасындай кесек жатыр (С. Омаров). Микола ана сүті аузынан кетпеген сары үрпек балапан екен (Қ. Сатыбалдин). Емшек сүті кеппеген ернінен Екі інімді мен қайтіп асырармын (Қ. Жұмалиев).