қ а р ғ ы с. Ата-ананың үмітін, тілегін ақтамаған балаға айтылады; ана бала ісіне қарсы болғанда айтылады. Шіркін, сұлу дүниені, Талқандатсақ тас жүрекке, Жан күйдіріп іштің шері, Ана сүтін сауар көкке (Д. Әбілев). Сүлеймен жұлқынып кетуге айналды. Ақ сүтімді көкке сауам! Әйел омырауын жыртып жіберді (С. Ерубаев). Қалқам, Зейнешжан, тілімді алмасаң, емшегімді көкке сауам, қолымды теріс жайып, қарғыс берем (Б. Майлин).