lat: Ana-myna
есiм. сөйл. Анау-мынау.
Қамбар мен Бекбосын бір-біріне ана-мына дескен жоқ (К.Оразалин, Ақ жазық).
Махамбеттің мінезі Исатайдікі секілді көптің басын құрастырып, бүтін елді соңына жүргізетін мінез емес, Махамбет жақсы үндеуіш (әгитетір), жақсы бастықтың қолында өте ыңғайлы қолбасы. Ананы-мынаны істеп келге табылмайтын адам (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.. Кегі кеткен жандайын әлдекімге, іш өртеніп, қайнайды қан бойдағы. Сам жамырап, келеді қулап іңір, Мен ойлаймын ананы-мынаны бір (М.Мақатаев, Өмір-өзен).