Аналитикалық геометрия

lat: Analıtıkalyq geometrıa

геом. Геометрияның қарапайым геометриялық бейнелерді алгебралық амалдар арқылы зерттейтін бөлімі.

Аналитикалық геометрияның пайда болуы символикалық (әріптік) алгебраны әр қырынан дамытуды талап етті (А.Көбесов, Математика.).

Аналитикалы геометрияда координатор әдісі жазықтықтағы әдіске толық ұқсас етіп қарастырылады (ҚҰЭ).

Аналитикалық геометрия жазықтығы сызықтар мен кеңістіктегі беттер мен бір белгісіз, екі белгісіз және үш белгісіз алгебралық теңдеулердің арасындағы байланыстылықты зерттейтін ғылым (О.Жәутіков, Жаратылыстану. матем. рөлі).