Аналогия

lat: Analogıa

[грек. analogia] зат. филос. Заттың, құбылыстың, ұғымның ортақ белгілерінен, қасиеттерінен пайда болатын ұқсастық, үйлестік, сәйкестік.


Екі заттың бірнеше ұқсас сындары бар екенін тауып, сол екі заттың басқа сындарының да ұқсас екендігін ойлап шығару, екінші түрлі айтқанда, ойдың дербес көрініске көшуі аналогия деп аталады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Дедукция бойынша жалпыдан жалқыға, индукция бойынша жалқыдан жалпыға ой жүргізуді бала білмейді. Бала аналогия бойынша ойлайды (М.Жұмабаев, Шығ.).

Ұқсастырылатын белгілердің сипатына қарай қасиеттер аналогиясы және қатынастар аналогиясы болып екіге бөлінеді (ҚҰЭ).