АНАЛОГИЯ

lat: Analogıa

тиісті, лайықты, шамалас, сай келушілік. Объектілер арақатынасындағы кейбір ұқсастықтар.

Аналогия таным әрекетінде гипотезаны (жорамалды) ұсыну үшін пайдаланады. Аналогия арқылы ойлау ғылыми жаңалықтарга жеткізуі мүмкін. Аналогия жекелікке қарай дамығыш нәтижелі ой қорытындысы. Аналогия ұқсастық. Ұқсас нәрселерді салыстыра отырып зерттейді, аналогия арқылы жасалған қорытыңды мәліметтер болжамды сипатта болады.