Аналық

lat: Analyq

сын.. Анаға тән.

Аздан соң көп жылаулар басылып, Қаражан жалғыз өзі ана­лық зарын шығарып, азырақ жоқтау айтты (М.Әуезов, Шығ.).

Аналық жүрек баланың ада-гуде жазылғанына әлі де сенбейді (С.Меуленов, Шыңда.).

Әйел бұған аса бір сүйкімді аналық мейірімділікпен қарап тұр екен (С.Бақбергенов, Менің досым).