Аналық

lat: Analyq

зат. бот. өсімдіктердің көбеюіне қатысатын ұрықтанатын, аталыққа қарсы мүшесі.

Жыныстық көбеюде аналық және аталық тұқым клеткаларының қосылуынан пайда болатын зигота клеткасынан жаңа организм дамиды (ҚҰӘ).

Өзге дәнді дақылдардың көпшілігінен бір өзгешелігі жүгерінің гүл шоғырлары айырым жынысты болады, яғни аналық және аталық гүл шоғырлары бір өсімдікте, бірақ бөлек өседі (М.Ерлепесов, Туқым өсіру.).

Олар дені сау гулдердің ана­лық аузына барып түседі де, сол жерде өніп, жатынға енеді, ал одан соң ұрыққа барады (Ж.Жиенбаев,Астық дақыл.).