Ананың ақ сүтінен дарыған

lat: Ananyń aq sútinen daryǵan.

Баладайдан, жастайынан, үлгі-тәрбие арқылы сіңген. Адамда қандай қасиет болса - бәрі де күннің көзі мен а н а н ы ң а қ с ү т і н е н д а р ы ғ а н (Ж.Мусин, Қанат.). Уа, Жәке, жыр атасы сен бір алып, Әлемге атың шыққан жерді жарып, Орнаған сөз құдіреті кеудеңізге, А н а н ы ң а қ с ү т і м е н өлең д а р ы п (Т.Әмірбеков, Жол мұраты). Мұқаң Семейге келген бір сапарында Айтекеңе өзі тәуір көретін «Хаулау», «Адасқан» әндерін айтқызып, сені «асыл сазды Айтқаз деп атау керек, әншілік а н а с ү т і м е н д а р ы ғ а н адам екенсің деп мақтаған (Н.Әбуталиев, Сахара.).