Анда

lat: Anda

зат. жерг. Дос, жолдас.

Бейтаныс жігіттер білісе келе анда болады (Қаз. тілі. диалек. сөздігі).

Ақ тілекпен ояналық таңда біз,

Түбіміз бір, қанымыз бір андамыз (Е.Раушанов, Ғайша бибі).

Анда үшін баптап қыранды, Қуанды ол арқар алған күн Өз аты өлсе, жұбанды; Аман деп аты андамның (Е.Раушанов, Ғайша бибі).