lat: Anketa
[франц. enquete]зат. Сауалнама.
Бітіспейтін жауымын жамандықтың,
Дәрежеге, дәулетке аз алаңым.
Анкетаға, тұсына мамандықтың
«Ақынмын» деп ұялмай жаза аламын (Н.Әжіғалиев, Таңд.).
Ал, назар аударыңыздар, үшінші бетте «Тұтқындалғанның анкетасы» деген даяр қағаз 19 қазанда, яғни, ұсталғанына 25 күн өткеннен кейін, толтырылыпты («Жұлдыз»).
Анкеталарды респондент деп аталатын жауап беруші адам өз бетінше немесе нұсқаушының көмегімен толтырады (М.Тәжин.., Соц. негіз.).