lat: Anomalıa
Ауытқулық (әдеттегі нормадан ауытқулық). 1) есімдерді еске түсіру қабілетінің ішінара не толық жоғалуы. Термин бұл мағынасының афазиялық және амнезиялық синдромдарды белгілеу үшін ғана қолданылады, баршаға мәлім әдеттегі жағдайлар үшін пайдаланылмайды;
2) қоғамда не топта әлеуметтік құрылым күйреп, әлеуметтік құндылықтар мен мәдени нормалар жоғалатын кездегі ахуал;
3) сырттай жақсы ұйымдасқан қоғамның мүшелері тым маманданған, аралас-құраластықты шектейтіндей әлеуметтік құрылым салдарынан өздерінен оқшаулаған халде сезінетін жай-күй - аномалды құбылыс.
Психологияда - психикасында ауытқуы бар адамды сипаттауда пайдаланылатын сөз.