кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау, аңдатпа. Ол кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Аннотация әдетте кітапқа жазылатын еңбектің бірінші бетінде берілегін өте шағын жазба түрінде және баспасөзде басылатын шығарманың қысқаша мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-насихат жасауға ниетті авторлардың мақаласында кездеседі. Аннотацияға қойылатын талантардың өзіндік ерекшелігіне қарай, кітаптың алғашқы бетіне берілетін аннотация мен баспасөз беттеріндегі аннотацияның өзара айырмашылығы бар. Баспасөз беттерінде жүретін аннотациялар көп жағдайда көпшілікке арналып, кейде рецензияға айналып кетіп жатады. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажет әдебиетті таңдай алады.