1) (сәулет) көркемдігі, әсемдігі, сәулетшілік нақышы қоршаған ортамен жарасымды тұтастық тапқан ғимараттар тобы; 2) драмалық, музыкалық және т.б. шығармалардың орындалуының көркемдік үйлесімі; 3) музыкалық шығарманы бірнеше әртістердің (музыканттар, әншілер) бірлесіп орындауы; 4) бірыңғай көркемдік ұжым ретінде өнер көрсететін орындаушылар тобы; 5) сәулет өнерінде біртұтас сәулет композициясын құрайтын ғимараттар тобын орналастырудағы үйлесім, жете ойластырылған жарастық, тұтастықты білдіретін ұғым.