Антидот

lat: Antıdot

[грек. antidoton] зат. мед. Ағзадан улы және улағыш заттарды шығаруға немесе зиянсыздандыруға септесетін қайтарғыш дәрі-дәрмек. Егер өзіңіз көмек көрсететін адамның улағыш заттың қай түрімен уланғаны Сізге белгілі болмаған жағдайда да бәрі бір антидотты пайдаланыңыз (Мұны. білуге тиіс).

Антидот арнайы шприцке толтырылады, ондай шприцті Сіздің пайдалана білгеніңіз жөн (Мұны. білуге тиіс).