бұл фундаменталдық, имперсоналдық, жетілмеген эмпиризмге бағынатын концептуалдық модельдеуге икемделген ғылыми интенциялардың жиынтығы. Біріншісінің апологиясы - Пифагор, стоиктер мен элеаттардың, Платонның болмыс-логостың бейнесін дамытқан шығармашылықтарында айқын. Платон тек ой арқылы заттарды тану керек деген; сезім-түйсіктер, яғни, адам өзінің көзі, құлағы, жалпы тəнінен алыстап, болмыстың өзін, таза түрде түсінеді. Екіншілердің апологиясы - Аристотельдің шығармаларында көрсетілген; ол білімнің тəжірибелік табиғатына назар аударды; тəжірибесіз алынған, дерексіз, жалпылықты нақтылықсыз тану түбінде қателікке əкеледі, себебі, тек нақтылыққа бет бұрады.