lat: Antıkalyq
[франц. antique] сын.. Антикаға тән, антика дәуіріндегідей.
Алғашқы аймақтардың көпшілігін, осы заманғы тарихтанудың айтуынша, біздің дәуірімізге дейінгі 8000 жылдан 3500 жылға дейін ұсақ мемлекеттікке, біздің дәуірімізге дейінгі 3500 жылдан 600 жылға дейін империялық, біздің дәуірімізге дейінгі 600 жылдан 500 жылына дейін антикалық, біздің дәуіріміздің 500 жылынан 1750 жылға дейін Еуропалық үрдістегі, ал эволюцияның даму өндірістік мәдениетке көшкен 1750 жылдан бастап осы заманғы үрдістегі мемлекеттілікке ие болыпты (Тәуелсіздік толғауы).
Антикалық сәулет өнерінің шыңы - ежелгі заманның өзінде-ақ стильдің ең тамаша ескерткіші деп танылған (Т.Ғабитов.., Мәдениеттану).
Антикалық дәуірмен орта ғасырлардағы осы өзара ықпалдар барысында бұл өңірлерді мекендеген халықтардан батыс Иран тармағы тілдерінде сөйлейтін және қазіргі кезде Иранды, Ауғанстанды, Ирак пен Шығыс Түркияның шекаралық солтүстік өңірлерін мекендейтін этникалық топтардың көпшілігі қалыптасты (Этнография).