Антилопа

lat: Antılopa

[франц. antilope] зат. зоол. Бөкен.

Алдымен қора-қора болып, бұлтша төңкертіліп, ең іргелі ең ұшқыр қамыс аяқ антилопалар қозғалады (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).

Үндістанда гепардты қолға үйретіп, онымен антилопаны аулайды (Ш.Қожахметов, Ғалам.).

Ол зебраны, антилопаны, крокодилді тіпті бір жарым метр сойдақ тістері бар динотерийді де аулайды екен (Жалпы биология).