lat: Antınomıa
[грек. antinomia] зат. филос. Кейбір принциптерде, философиялық ұғымдарда екі жақтың әрқайсысы өз пікірін дұрыстап, бір-біріне қарсы келушілік, яғни қайшылық.
Танымның үшінші сатысы - трансценденттік танымда - таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қоймай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, басқаша айтқанда, «өзіндік заттардың» табиғатын, менін түсінуге ұмтылады да, шешілмес қайшылықтарға (антиномияларға) тап болады (Ж.Алтай.., Филос. тарихы).
Алайда, рух өле ме, өлмей ме, әлем қалай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па т.б. осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы (Ж.Алтай.., Филос. тарихы).