Антитеза

lat: Antıteza

[грек. antithesis] зат. әдеб. Көркем әдебиетте образдың әсерлілігін күшейту үшін кереғар ұғымдарды бетпе-бет қойып шендестіру әдісі, айшықтау түрі.

Сөйлегенде, жазғанда ойды күшейту үшін я айқын етіп айту үшін бір сөзді мағынасы қарама-қарсы келетін басқа сөздерге жарыстыра, салыстыра антитеза ретінде қолдана береміз (Қазіргі Қаз. тілі).

Антитезаның бір түрі - антиметабола деп аталады (Әдебиеттану термин.).

Антитеза, шендестіру - стилистикалық фигура, ойдың, образдың әсерлілігін күшейту үшін көркем әдебиетте, шешендік сөздерде қарама-қарсы ұғымдарды, бейнені бір-біріне қарсы қою, шендестіре салыстыру (ҚСЭ).