lat: Antagonıst
[грек. antagonistes]зат. 1. биол. Басқа бір микроағзалардың тіршілік қабілетін баяулататын, кейде mіпmi оларды қырып, жойып жіберетін микроағзалар.
Антагонистер топырақ арасында тіршілік ететін бактериялар, әсіресе төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар - актимиоцеттер арасында жиі кездеседі (ҚСЭ).
Антагонистер шығаратын антибиотиктік қасиеті бар заттарды зерттеу нәтижесінде медицинада әртүрлі инфекциялық аурулардан емдеуге қолданылатын антибиотик дәрілер алу жолдары табылды (ҚСЭ).
Бұлшық ет қарама-қарсы қозғалыс туғызатын болса (мысалы, біреуі қолды иіп, екіншісі жазып тұратын болса) оларды антагонистер деп атайды (Р.Гарибьян, Адам анатом.).
2.саяси. Антагонизмді жақтаушы.
Қоғамның антагонист топтарға бөлінуіне тікелей себеп болған нәрсе өндіріс құралдарын жеке меншіктенудің шығуы болды (Марксистік филос. негіздері).